65 адам қаза тауып, 350-ден астамы түрлі дене жарақатын алған. Мұндай мәліметті Жол полициясы комитеті келтіріп отыр.
Көлік тізгіндеу сияқты, жол бойында жаяу жүрудің де өзіндік ережесі бар. Елімізде әр бесінші қайғылы оқиға жаяу жүргіншілер кесірінен орын алуда. Бірі асығып, екіншісінің жауапсыздық танытуынан көбінде көлік жүргізушілері кінәлі болып шығады.
Соңы адам өлімімен аяқталатын оқиғалар жиі қайталанғанымен, бұл көпшілікке сабақ болмай отыр. Мәселен, биыл жол ережесін бұзған 76 250 жаяу жүргіншіге әкімшілік жаза қолданылған. Оларға 672 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, тек 220 миллионы, яғни, 34 пайызы ғана өтелген.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ