Павлодарда жаңа әдістемелер арқылы мемлекеттік тілді үйретуге арналған «Тіл керуені» атты жаңа жобаның қорытындысы шықты. Мұндағы басты ерекшелік сабақ беру киіз үй ішінде флеш-тренинг технологиясын қолдану арқылы өтеді. Көшпелі орталықта 200-ден аса адам дәріс алды. Олардың дені өзге этнос өкілдері. Тәлімгерлер тілді меңгерумен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, тарихы жайлы мәліметтерге қанықты. «Тіл керуені» қорытындыланған фестиваль Баянауылда өтті. Себебі, жоба негізінен тілдік-туристік-мәдени кластерді қалыптастыруды көздейді. Яғни, ресми құжаттамалық емес, күнделікті тұрмыста қолданылатын қарапайым сөздерді үйрету қарастырылған.
Болат АМАНБАЕВ