25-тамызда ауыл шаруашылығы саласы бойынша үлкен форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25-тамызда ауыл шаруашылығы саласы бойынша үлкен форум өтеді

10.08.2017

Ауыл - қазақтың алтын бесігі. Қазақтың қазіргі байлығы да - осы ауыл. Қазір тегеурінді техникасы бар, атырабы астықты, жайылымы шүйгін шаруа көп. Сондықтан, мемлекет өз экономикасының эшалоны етіп ендігі жерде агросекторға біржола сенім артып отыр. Сол себепті, ел үкіметі шетелдік инвесторларды агроөнеркәсіп саласына тартуға басымдық беріп отыр. Осы айдың 25-і ауыл шаруашылығы саласының қазіргі аяқ алысын сарапқа салатын үлкен форум өтеді. Форумды «Қазагро» Ұлттық холдингі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу