Биыл үшінші рет өткізіліп отырған жәрмеңкеге 15 жүк көлігімен 270 тонна өнім әкелінді. Шаруаларға ауыртпалық түсірмес үшін облыс әкімдігі көлік шығындарын өз мойнына алған. Жәрмеңкеде астаналықтарға 40-қа жуық өнім түрі ұсынылды. Олардың арасында Сыр елінің күріші, қауын-қарбызы мен Арал теңізінің балықтары бар. Облыс әкімдігі Астана әкімдігінен қаладағы азық-түлік бағалары жөнінде мәлімет алып, өз өнімдерін 15-20 пайызға төмен бағамен сатты. Мысалы, қалада қызанақтың келісі 200 теңгеден сатылып жатса, жәрмеңкеде оның құны 150 теңге болып белгіленді.