Елімізде биыл 11 мыңдай гектар жер өртеніп кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде биыл 11 мыңдай гектар жер өртеніп кеткен

15.08.2017

Қазақстанда өртке қарсы шаралар дұрыс жүргізілмей келген. Сондықтан, биыл аумағы 11 мыңдай гектар жер өртеніп кеткен. Оның жартысына жуығы - орманды алқап. Жалпы, 422 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық. Ол жайлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері айтты. Қазір министрлікке қарасты 29 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар, ол - елдің орман қорының 20 пайызы. Қалған 80 пайызға жуығы әр облысқа тиесілі және оған жергілікті атқарушы билік жауапты. «Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында өртке қарсы жұмыстар жүргізілген, ал, басқа өңірлерде жағдай алаңдатарлық», - дейді министрлік өкілдері. 

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу