«Шейх Халил» 8 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шейх Халил» 8 жылға сотталды

16.08.2017

Сауд Арабиясынан депортацияланған «Шейх Халил» деген лақап есіммен танымал болған Абдухалил Абдужаббаров 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Орал қалалық сотында оған әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік және діни алауыздық тудырды деген айып тағылып, үкім шығарылды. Абдужаббаровтың ұлты - өзбек. Жасы - 43-те. Мамандығы бойынша дінтанушы. Ол соңғы жылдары Сауд Арабиясында тұрып келген. Онда кітапханалардың бірінде жұмыс істеген. Абдужаббаров 2003-2006 жылдары Атырау, Ақтөбе, Орал қалаларында тұрғындарды экстремистік сипаттағы іс-әрекеттерге үгіттеген. Сотқа дейінгі тергеу барысында айыпталушының терроризмді насихаттап, қарулы жиһадқа шақырған аудиожазбаларына сараптама жасалған. 

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу