Астанада борышкерлерді банкрот деп тану туралы сотқа түсетін шағымдардың саны күрт артқан. Бұл туралы бүгін қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында айтылды. Былтыр заңды тұлғаларды банкрот деп тану туралы 165 іс қаралса, биылғы жарты жылда мұндай арыздар саны 600-ден асып кеткен. Судьялардың сөзінше, сотқа әсіресе, Кіріс комитеті көп материал тапсырады. Яғни, салық төлемей, банкрот деп жариялағандар немесе оңалту процедурасына жіберілген заңды тұлғалар көп. Дөңгелек үстелде кіріс органдары мен екінші деңгейлі банк өкілдері және кәсіпкерлер палатасының мүшелері банкроттық деп тану туралы істерге қатысты ортақ мәселелерді талқылады.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ