Астанаға газ тартуда қиындықтар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанаға газ тартуда қиындықтар бар

21.08.2017

Астананы газдандыру жобасында бірқатар қиындықтар туындады. Атап айтқанда, қаржылдандыру мәселесінде түйткілдер бар. Бұл туралы бүгін Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Жобаның жалпы құны 260 млрд. теңгеден асады. Қызылорда облысынан басталатын бағыт Қарағанды облысы арқылы Астанаға жетуі тиіс. Құбырдың жалпы ұзындығы - 1800 шақырым. Оның қуаттылығы жылына 3 млрд. текшеметрді құрамақ. 

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу