«Балық өсірсең, сазан өсір». Шығысқазақстандық кәсіпкер өндірістік ауқымда сазан өсіруді жолға қойды. Жесең қорек, сатсаң табыс. Шабағы өзге балықтарға қарағанда бір жылда-ақ өсіп, саудаға жарайды. Осыны ескеріп, шалғайда жасанды тоған жасап алған шаруа қазір еңбегі жанып, пайдасын көріп отыр.
Кәсіпкер үшінші тоған құрылысына кірісіп кеткен. Оны балықтың қыстайтын мекені етпек. Сәтін салса, биыл күзде аяқтауды көздеп отыр. Одан кейін сазаннан өзге де түрлерін өсірмек.
Зарина ҰЛЫҚБЕК