Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің маңызын арттыру Ұлт жоспарындағы басым бағыттардың бірі. Соған орай, Павлодар өңіріндегі кәсіпорындар мемлекеттік бағдарламалар арқылы нақты жобаларды іске асыруға белсене кірісті. Мәселен, жақында нефрология және эфферентті терапия мекемесі емханалардың жолдамасы бойынша тұрғындарға диагноз қою, дәрігерлік кеңес беру қызметін көрсетуді бастады. Соның нәтижесінде бүйрек ауруына шалдыққан сырқаттарды дер кезінде анықтау мүмкін болып отыр. Орталықта тілшіміз Болат Аманбаев болып қайтқан еді.
Болат АМАНБАЕВ