Елімізде экономикалық қылмыс жасағандарға жаза жеңілдеуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде экономикалық қылмыс жасағандарға жаза жеңілдеуі мүмкін

24.08.2017

Бұл туралы бүгін Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Құқық қорғау қызметін жетілдіру мен қылмыстық процесін реформалау бойынша арнайы құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы бүгін бірқатар ұсыныстарын айтты. Болашақта күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа қысқаруы мүмкін.

«Егер айыпталушы қоғамға қауіпті болмаса, онда оны қамауға алудың қажеті шамалы»,-дейді жұмыс тобының өкілдері. Оның орнына үй қамаққа алу сияқты жазаларды қолдануға болады.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу