Қазақстан ЕҚЫҰ бастамаларын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан ЕҚЫҰ бастамаларын қолдайды

24.08.2017

Ресми Астана Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жанынан терроризммен күрес мәселелері жөнінде арнайы комитет құру бастамасын қолдайды. Бұл туралы бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеяның төрайымы Кристин Муттонемен кездесуде айтылды.

Биыл Қазақстанның белді ұйымға мүше болғанына 25 жыл. Осы аралықта еліміз ОБСЕ-ге төрағалық етіп, халықаралық деңгейде көптеген бастама көтерді.

Дулат ЖЕКСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу