Таразда электр тоғына ұрынған 15 жасар бала тілге келмей қайтыс болды. Оқиға «Жамбыл Талас» теміржол айдау мекемесі маңында болған. Юрий Мусиенко жұмыс істемей тұрған бақылау мұнарасына шығып, суретке түспек болған.
Оқиға орнына көлік прокуратурасы мен төтенше жағдай қызметкерлері келіп жетті. Зардап шеккен баланы ауруханаға жеткізгенімен, дәрігерлер аман алып қала алмады.