Талдықорғанда 4 айлық нәрестесін 400 мың теңгеге саудалаған әйел ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда 4 айлық нәрестесін 400 мың теңгеге саудалаған әйел ұсталды

28.08.2017

31 жастағы тұрғын қалаға көрші мемлекеттен маусымдық жұмыстарға келген. Мамыр айында босанған келіншек 4 айлық нәрестесін 400 мың теңгеге бағалаған. Алматы облыстық Ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері әйелді қылмыс үстінде қолға түсірген. Қазіргі таңда Әсия есімді сәби облыстық балалар ауруханасында. Алдын ала тексеруден өтуде. Одан кейін дәрігерлер баланы сәбилер үйіне тапсырады. Ақылға сыймайтын қылығымен әйел өзінің де, баланың да тағдырын ойран етті. 

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу