Орал қаласында ірі жол апатынан жарақат алғандардың саны 75-ке жетті. Алты адам әлі ауруханада жатыр. Қалған жолаушылар тұрғылықты жерлеріндегі емханалардың қарауына жіберілген.
Естеріңізге сала кетейік, өткен бейсенбіде екі автобус соқтығысып, көлік апатынан 58 адам зардап шеккен еді. Олардың 5-уі бала, жарақат алғандардың қатарында жүкті әйелдер де болды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.
Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда ірі жол апатынан жарақат алғандардың саны 75-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/56380/)