Әлем бойынша 1945 жылдан бастап қазіргі күнге дейін 2 мыңнан астам ядролық сынақ өткізілді. Оның 90 пайызы АҚШ пен Кеңес одағына тиесілі.
1) Ең ірі сынақ алаңының бірі Аламогордо. 1945 жылы 16 шілдеде алғашқы «Тринити» ярдолық сынағы өткізілді. Қазір бұл жер туристік орын.
2) Атоллы Бикини және Эниветок. Бұлар да АҚШ-та болған. 1946 - 1958 жылдары Құрама штаттары 23 атом және сутегі бомбасын жарды. 1954 жылы сынақ өткізіліп, оның күші Хиросимаға тасталған мың бомбаға пара-пар. Тіпті ядролық сынақ бір аралды түгел жойып жіберген. Осы жарылыстан кейін америкалық ғалымдар Кеңес үкіметімен келіссөз жүргізуге келісіп, екіжақты мораторийға қол қойды.
3) АҚШ-тағы Невада сынақ полигонының аумағы 3500 шаршы метр. Алғаш сынақ 1951 жылы жүргізілді. Барлығы 828 жерасты жарылысы болды.
4) 1966 жылдан бері Францияның ядролық сынақ алаңы ретінде белгілі Атолл Муруроа. Тынық мұхитының оңтүстігінде орналасқан. 1998 жылы Франция Атоллда соңғы рет сынақ жүргізіп, халықаралық мораторийге қосылды.
5) Қытай алғашқы атом бомбасын Лоб-Норда 1964 жылы жүргізген. Бұл әрине, АҚШ үшін күтпеген жағдай еді. Өйткені, олар Қытай бұл уақытқа дейін бомбаны құрастырып үлгермейді деп ойлаған. 1967 жылы сутегі бомбасы сыналды.
6) 1961 жылы Ресейдегі Новая Земля полигонында адамзат тарихындағы ең қуатты 58 мегатондық Царь-бомба жарылды. 1955 жылдан 1990 жылға дейін мұнда 132 ядролық сынақ жүргізілді.
7) Ал, Семей ядролық полигоны Кеңес одағының аса маңызды стратегиялық нысаны болды. Полигондағы сынақтар 40 жылға созылды. Сынақ алаңы 1991 жылдың күзінде жабылды.
Индира БЕГАЙДАР