Талдықорғандық жастар мереке құрметіне автошеру ұйымдастырды. Салтанатты шарада театрландырылған қойылым көрсетіліп, мерекелік концерт ұсынылды.
Қала жастары көліктерімен тізіліп, «бірлік» сөзін құрап автошеруді бастады. Талдықорғанда қазір бірнеше автоклуб ашылған. Біркелкі маркалы темір тұлпар иелері бірігіп, өзара пікір алмасып, достасып, араласып тұрады.
Қала көшелерімен сап түзеген автокөліктер саны 100-ге жуықтады. Бұл бастаманы барша көлік иелері қуана қолдай кетті. Көк байрақты желбіреткен керуен «Жастар» саябағында орнатылған биік Тудың жанында мәре сызығын кесті.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ