Алматының Жетісу ауданында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа балабақша ашылды. «Алтын Орда - Шұғыла» деп аталған мектепке дейінгі білім мекемесі 120 балаға шақталған.
Сондай-ақ, 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Екі қабатты еңселі балабақшаның ашылуы, алдымен, жақын маңда тұратын ата-аналарды қуантты. Себебі, енді олар бүлдіршінін жетектеп үлкен қаладан балабақша іздеп сенделмейді.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ