Астанада мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүгедек балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті

01.09.2017

Білім күні қарсаңында балаларға мерекелік дастархан жайылды. Астана қалалық әкімдігі мен қоғамдық бірлестіктер бірігіп мұндай игі шараны жыл сайын ұйымдастырып келеді. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі балғындарға ерекше көңіл-күй сыйлау, олардың қуанышты жүзін көру. Кеште арнайы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, шығармашылық топтар балғындарға қойылым жасады. Астаналық өнерпаздар балғындарға ән шашуын арнады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу