Ирактың соғыс жүріп жатқан аймағынан Ресейдің көмегімен шығарылған Қазақстанның 4 азаматы елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабар таратты.
Кәмелетке толмаған үш баласы бар Қазақстан азаматы - 32 жастағы әйел туған жерге оралса, Қазақстан азаматы саналатын тағы 3 бала мен олардың анасы - Ресей азаматы, Грозный қаласына жеткізілген. Аталған екі отбасы да Ақтау қаласының тұрғындары екен.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ