Жол жөндеу жұмыстары қарқынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

03.02.2014
Жол жөндеу жұмыстары қарқынды

Былтыр еліміздегі республикалық маңызы бар 2200 шақырым автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Оның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің 812 шақырымындағы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл жөнінде бүгін еліміздің Көлік және коммуникация министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде мәлім болды.
 
 Қазақ теміржолының даму қарқыны да көңіл көншітеді. Сала министрінің айтуынша, былтыр жолаушыларды тасымалдау көрсеткіші өткен жылдармен салыстырғанда 5,5 пайызға артқан. Өткен жылы 1250 шақырым теміржол желісі салынып, 631 шақырым жол бастан-аяқ жөнделген. Келер жылға да жоспар жақсы. 294 миллион тонна жүкті және 20 млн. жолаушыны тасымалдау көзделіп отыр.
 
Асқар Жұмағалиев, ҚР Көлік және коммуникация министрі:
2014 жылы отандық темір жол паркін 2600 жүк, 150 жолаушылар вагондарымен және 42 локомотивпен жаңарту жоспарлануда. Бұған қоса, елімізде 38 теміржолвокзалын жаңғыртпақпыз. Республикада 5 жаңа тальго бағдары ашылады.
 
 
 
Әсем ИЗАТҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу