Ақмола облысында соңғы бір айда он мыңға жуық адам құқықтық кеңес алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында соңғы бір айда он мыңға жуық адам құқықтық кеңес алды

08.09.2017

Ақмола облысында соңғы бір айда он мыңға жуық адам құқықтық кеңес алып, жергілікті басқару органдарына көкейінде жүрген сұрақтарына жауап тапты. Бұл «Шығамыз, кездесеміз, шешеміз» атты арнайы акцияның нәтижесі. Арнайы құрылған жұмыс тобы бүгін Астана іргесіндегі Қоянды ауылына барып, халықпен жүздесті.

Осы бастаманың арқасында Майнаш Әзиеваны жылдар бойы толғандырған түйткілдің түйіні тарқады. Енді бұл игі шара қарашаның басына дейін облыстағы 18 ауданның 500-ден астам ауылын қамтиды.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу