Ауыл шаруашылығы министрлігі «Биыл бидай мен арпа қар астында қалмайды», - деп уәде. Қазақстан бойынша орақ науқаны жалғасып жатыр. Қазір астықтың 76,6 пайызы жиналды. Министрлік «қыркүйектің үшінші онкүндігінде орақ науқаны аяқталады», - деп отыр. Бүгінгі күннің өзінде 14,6 млн. тонна бидай бастырылған. Астықты сақтау мен экспорттау мәселесі де шешіліп қойған. «Ал, бидайдың сапасы былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда жақсырақ», - дейді Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары.
Альбина ӘШІМ