Енді тауарларды декларациялау және шығару процесі автоматтандырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді тауарларды декларациялау және шығару процесі автоматтандырылады

14.09.2017

Бүгін Мәжілісте «Кедендік реттеу туралы» кодексінің жобасы таныстырылды. Ақпараттық технологияларға аса көңіл аударудан басқа, Кодексте сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін өз шығыстарын оңтайландыруға жағдай туғызатын бірқатар мүмкіндіктер пайда болды.

Мысалы, кедендік баждар бойынша төлеуді кейінге қалдыру. Егер қандай да бір себептермен декларант кедендік баждар бойынша бюджетпен бірден есеп айырыса алмаса, онда пайыздар төлей отырып, бір айға кейінге қалдыру құқығын мемлекет береді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу