Осы салада қазір 100 мемлекеттік қызмет бар. Енді олардың барлығы цифрлық жүйеде жұмыс істейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі Егін департаментінің директоры Ажар Қажыбекова мәлімдеді. Мысалы, субсидияның үш түрін - жерді тыңайту, несие беру және лизинг жұмыстарын тек қана компьютерлік бағдарлама атқаратын болады. Шаруа өтінішті үйінде отырып беруге мүмкіндігі бар. Мұнымен ең бастысы тамыр-таныстыққа жол бермеуге және едәуір уақыт үнемдеуге болады. Ал, осы мүмкіндіктерді қолданып білу үшін шалғайдағы фермерлер мен шаруашылық қожайындары мемлекет есебінен тегін оқытылған.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ