Әскерилерге үй беру тәртібі өзгереді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскерилерге үй беру тәртібі өзгереді

19.09.2017

Енді Ішкі істер органдары, Ұлттық қауіпсіздік қызметі, Әскери прокуратура мен Қарулы күштер қызмектерлеріне баспананы жалға алуға бөлінетін қаржы арнайы есепшоттарда жиналады. Мәжілісте арнайы заң жобасы таныстырылды. Бүгінде әскери азаматтардың тек бірінші категориясы яғни, еңбек өтілі 10 жылға дейінгі қызметкерлерге ғана баспананы жалға алу үшін жыл сайын 47 млрд. теңге жұмсалады. Келесі жылда аталған сома тағы 14 млрд-қа өседі. «Қазіргі жүйе қала берсе, бюджеттен қыруар ақша кетеді», - деді вице-министр. Ал, әскери азаматтар баспаналы бола алмайды. Мәселен, Астанада 4 адамнан тұратын бір әскеридің отбасына ай сайын 200 мың теңгедей беріледі. Сонда 25 жылдың ішінде бір отбасыға 50 млн. теңге жұмсалады. Жаңа норма бойынша әскери азамат 15 жылда өз пәтеріне кіре алады яғни, қаржы оның есепшотына жиналады.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу