Жыл басынан бері Ақмола облысында 1300-ден астам мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан бері Ақмола облысында 1300-ден астам мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттырды

19.09.2017

Жыл басынан бері Ақмола облысында 1300-ден астам мемлекеттік қызметкер біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтті. Алдағы 3 ай ішінде тағы 700-ге жуық қызметкер кәсіби шеберлігін шыңдамақ. Бұл – Ұлт жоспарында көзделген кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың басты шарттарының бірі. Қазір Ақмола облыстық Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттырудың аймақтық орталығында мемлекеттік қызметкерлердің бір тобы арнайы курстардан өтуде. Бүгінде облыста 6 мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар.

Хабарламаларға жазылу