«Сергек» бейнебақылау камералары тек автокөлік жолдарына ғана емес, халық көп шоғырланатын жерлерге де қойылады. Әзірге 3 түрлі жол ережесінің бұзылуын ғана тіркейтін камералар алдағы уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында да қолданылмақ. Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Камера жолда келе жатқан көлікті автоматты түрде түсіреді. Базаға түскен видеоны да компьютер зерттеп, ереженің бұзылғандығын анықтайды. Жалпы, алдағы уақытта Астананы цифрландыру бойынша 11 жоба енгізілмек. Көшелерді жарықтандыру, су ресурстарын реттеу, көлік орындарын іздеу, бейнебақылау және тағы да басқа қызмет түрлері. Бұл жаңашылдықтар тек қолайлы қызмет ұсынып қана қоймай, экономикалық жағынан да тиімді болмақ.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ