Алматы облысының Жамбыл ауданында Серік Ыбытаев деген қария бар. Қимылы ширақ ақсақал осы уақытқа дейін спорттан қол үзбеген. Өзі Қарғалы ауылдық мешітінің имамы. Ақсақал жарты өмірін әскери қызметке арнады. Шені подполковник. Жас кезінде барлаушы болған. Иран, Сирия, Ауғанстан сияқты шиеленіскен жерлерде Отан алдындағы борышын атқарған. Тілші Мирас Мұқаш ауылға арнайы барып, сол қариямен танысып қайтты.
Мирас МҰҚАШ