«Азбука жилья» компаниясының үлескерлері Бас прокуратура ғимаратына күшпен кіріп, пәтерлерін алып беруді талап етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Азбука жилья» компаниясының үлескерлері Бас прокуратура ғимаратына күшпен кіріп, пәтерлерін алып беруді талап етті

20.09.2017

Астанада бүгін «Айсанам De Luxe» тұрғын үй кешенінің отызға жуық үлескері жұмысын тоқтатқан «Азбука жилья» құрылыс компаниясының активтерін «Орда инжиниринг» компаниясына беру туралы сот шешімін тоқтатуды талап етіп Бас прокуратураға келді. Ондай шешімді мамыр айында Астана қалалық сотының апелляциялық алқасы қабылдаған еді. Наразыларға жолыққан Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин кездесуді басқа мерзімге ауыстыру туралы ұсыныс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада «Азбука жилья» компаниялар тобының бірнеше нысанына қаржы салған төрт мыңға тарта үлескер пәтерлерін белгіленген мерзімде ала алмаған.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу