Мұны бүгін ұйымның бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевски айтты. Осыған байланысты 150-ден астам елді біріктіретін қауымдастық Астанада семинар өткізді. Жиынға 15 мемлекеттен әлеуметтік сала мамандары, шетелдік сарапшылар мен кәсіподақтар федерациясы өкілдері қатысты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың сөзінше, келешекте сала түбегейлі реформаланбақ. Атап айтқанда, келер жылдан бастап елімізде жаңа әлеуметтік көмек түрі енгізілмек. Жиын аясында қауіпсіз еңбек жағдайы, демографиялық ахуал мен сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері қарастырылды. Ал, алдағы екі күнде әлеуметтік жобалар көрмесі мен сала қызметкерлері күнінің 5 жылдығына арналған форум өткізіледі.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ