Шығыс Қазақстанның Үржар ауданында Үндістан, Эфиопия, Иран сынды ыстық жерлерде өсетін мақсары өсімдігін баптап, өнім алып отырған отбасы тұрады. Дәнінен май, гүлінен бояу алынатын майлы дақыл қазір 4 гектар алқапты алып жатыр. Мұнымен қоса, кәсібінің нәсібін көрген еңбеккерлер жүзім мен алманың бірнеше сұрпын өсіреді. Тіпті, апорт алмасының тұқымын Алматыдан алдырып, баптауда. Бір қызығы, осыншалықты қыруар жұмыстың басым бөлігін техникасыз тындырады.
Дарын САҒИТОВ