Қазақстан әлеуметтік қамсыздандырудың бүкіләлемдік форумын өткізуді ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан әлеуметтік қамсыздандырудың бүкіләлемдік форумын өткізуді ұсынады

21.09.2017

Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-Хорст Конколевскимен кездесуінде мәлімдеді. «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бірыңғай әлемдік саясатты жүзеге асыру ісінде бұл ұйымның рөлі үлкен», - деді Гүлшара Әбдіқалықова. Қазақстан қауымдастыққа 2012 жылдан бері мүше. Осы аралықта еліміз халықаралық ұйымның бастамаларын әрдайым қолдап, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін бірлесе жетілдіруге мүдделі екенін көрсетіп келеді. «Әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы да осы бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен атқаруға мүмкіндік береді», - деді Мемлекеттік хатшы.

 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу