Саяси маңызы бар бұл отырысқа танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен ЮНЕСКО ұйымының өкілдері қатысты. Олар Ұлы Жібек жолында тоғысқан елдердің бітімгершілік дәстүрлерін талқылады. Бұдан басқа, жиналғандар Орта Азия мемлекеттері арасындағы қазіргі ара-қатынас мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сондай-ақ, басқосу барысында түрлі этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ