«Пробациялық есепте тұрған 900 адамның көбі жалақының аздығын сылтауратып жұмысқа орналаспайды», - дейді Жұмыспен қамту орталығының мамандары. Оның үстіне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұдан былай жұмыссыздар санатындағы азаматтардың өтінішін күтпей-ақ, оларға қызмет түрін өздері ұсынбақ. Осыған орай, жергілікті жерлерде жұмысқа мұқтаж жандарды анықтау қолға алынбақ. Осылайша, жұмыссыздықтың алдын алу қарастырлған. Дегенмен, кейбір қызмет түрлерін місе тұтпай, еңбек етуден бас тартып отырғандар жеткілікті.
Өнербек ЖАҢАБАЙ