Шахардағы 78 көпқабатты үй қыста жылусыз қалуы мүмкін. Себебі, бұл үйлерде жылу есептейтін арнайы құралдар орнатылмаған. «Сондықтан, мұндай ғимараттарға жылу бермеуге толық құқымыз бар», - дейді өкілетті мекеме. Мамандардың айтуынша, теріскейдегі мыңнан астам көпқабатты үйдің жартысы қысқы маусымға дайын емес.
Самат САПАРАЛЫ