Елімізде мұнай өнімдері бойынша ешқандай тапшылық болмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде мұнай өнімдері бойынша ешқандай тапшылық болмайды

25.09.2017

Бұл туралы бүгін Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді. Түске дейін «Эйр Астана» компаниясы «Авиакеросин тапшылығы болады. Себебі, Шымкент мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеуде, ал, ресейлік компаниялар авиакеросин тасымалдауды азайтады» деп дабыл қаққан болатын. Ал, еліміздің мұнай өнімдерінің сауда тасымалына жауапты ведомство басшылары дәл бұлай алаңдауға негіз жоқ екенін жеткізді. Еліміздегі үш мұнай өңдеу зауыты расымен күрделі жөндеуде. Жыл соңына қарай Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын бастайды. Ал, барлық зауыттар толық іске қосылған шақта 2 млн. тоннаға жуық мұнай өнімдері артығымен өндіріледі. Яғни, осыншама көлемдегі мұнай өнімін экспорттауға болады. Сол себепті, азаматтық авиацияны жанармаймен жабдықтау бойынша дәл қазір алаңдауға ешқандай негіз жоқ.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу