Биыл өңір диқандары бес миллион гектар жерге дән сепкен болатын. Қазір 4,5 миллион тонна өнім жиналды. Бидай бітік шықты. Осы байлықты қыркүйектің аяғына дейін шашау шығармай жинап алу міндеті тұр. Дегенмен, ауа райы да ыңғай бермей отырған жайы бар. Ақмоладағы алқаптардың ахуалын Ермек Елберген жеткізді.
Ермек ЕЛБЕРГЕН