Астанада жыл басынан бері жол жүру ережелеріне қатысты 127 мың заң бұзушылық тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жыл басынан бері жол жүру ережелеріне қатысты 127 мың заң бұзушылық тіркелген

26.09.2017

Статистикаға жүгінер болсақ, биылдың өзінде 200 жаяу жүргінші жол-көлік оқиғасынан зардап шегіпті. Олардың 64-і кәмелетке толмаған жасөспірім. Осы орайда, бас қалада үш күндік ауқымды акция өтіп жатыр. Жергілікті және Жол полиция қызметкерлері адам көп жүретін жерлерде түсініктеме жұмыстарын өткізіп, тәртіпті бірнеше рет бұзған азаматтарға айыппұл салып жатыр. Алайда, жыл сайын қайғылы оқиғалар саны азаяр емес.   

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу