Қарағанды облысының жылу маусымына дайындығы нашар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысының жылу маусымына дайындығы нашар

26.09.2017

Білім ошақтарына көмір уақытылы жеткізілмеген. Былтыр да ақау шығып, қыс бойы жылу беріп жарытпаған Теміртаудағы №2 орталық биыл да тұрғындарды қарық қылмайтын сыңайлы. Ал, Шахтинск қаласындағы жылу энергия орталығының көмір жеткізуші компанияға  миллиондаған қарызы болғандықтан, отын кеш тасымалдануда. Ал, жылу бірер күннен соң, яғни, 1-қазаннан бастап берілуі тиіс. Өңірдегі ахуал жайлы тілшіміз Руслан Нұрланұлы әңгімеледі.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу