Алматыда коммуналдық қарызы бар пәтерлер орталық жылу жүйесінен ажыратылып жатыр. Мәселен, бір ғана Әуезов ауданында борышкерлердің берешегі 452 млн. теңгеге жеткен. Сондықтан, аудандық Өзін-өзі басқару комитеті мен учаскелік инспекторлар бірлесіп, рейд жүргізуді бастады. Олар бүгін қарызы бар бірнеше үйдің жылу, жарық, су, газ көздерін қиып тастады.
Амангелді СЕЙІТХАН