Депутаттар халықпен кездесіп Әкімшілік кодекстің жаңашылдықтарын түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутаттар халықпен кездесіп Әкімшілік кодекстің жаңашылдықтарын түсіндірді

28.09.2017

Әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін азайтып, тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде, керісінше, жазаны күшейту, тағысын тағылар. Бір топ Мәжіліс депутаты бүгін Семейде сот-құқықтық сала мамандарының ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. 

Бұл кездесулер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексті халық арасында түсіндіру бойынша шаруаны ширатып, заңның сапасы мен өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін қажет. Парламенттің төменгі палатасындағы Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері прокуратура, әділет басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен мамандандырылған әкімшілік сот өкілдерінің ұсыныстарын  тыңдады. 

Мәжіліс депутаттарының айтуынша, бұл заңнама соттарға жүктемені азайтып, медиация қызметін дамытуды көздейді.

Дарын САҒИТОВ

Хабарламаларға жазылу