Маңғыстау өңірінің туризмді дамыту жолдары сараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау өңірінің туризмді дамыту жолдары сараланды

29.09.2017

Маңғыстау облысына шетелден келетін саяхатшылар саны биыл екі есеге көбейген. Сондай-ақ, ел ішінде де бұл аймаққа аялдайтындар жыл санап өсіп келеді. Мұнайлы Маңғыстау жерінің туристік тартымдылығын арттыру үшін осы жылы «Даму» қоры арқылы 900 миллион теңге бөлінген. Осы қаражатты тиімді игеру үшін арнайы 12 жоба әзірленіпті. Сондай-ақ, қазір 200 адамдық 5 жұлдызды демалыс орнының құрылысы басталған. Бүгін Астанада Индустрия және туризм комитетімен бірлесе жиын өткізген маңғыстаулық мамандар туризм саласын дамытудың жаңа бағыттарын саралады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу