Енді еліміздегі телеарналар әлеуметтік жарнаманы тегін көрсетуге міндеттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді еліміздегі телеарналар әлеуметтік жарнаманы тегін көрсетуге міндеттеледі

02.10.2017

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі әр арна бір айға жоспарланған хабар таратудың 1 пайызын әлеуметтік жарнамаға арнауды ұсынып отыр. Яғни, күніне шамамен 10 мәрте шығып отыруы тиіс. Осы және БАҚ-тағы басқа да мәселелер жөнінде министрлік жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында талқыланды.

«Қазақстан» РТРК»  АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин жиында ақпарат құралдары контентінің сапасын арттыру, оларға мониторинг жүргізу және қазақ тілді бағдарламаларды көбейту жөнінде сөз етті. Сондай-ақ, кеңес мүшелеріне көрермендердің теледидар көру рейтингі  объективті жеткізілмейтінін айтып, зерттеуші компаниялардың жұмысын қайта қарауды ұсынды. 

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу