Алматыда ұшақ апаты болып, 5 адам көз жұмды. Әскери АН-28 ұшағы кеше кешкі сағат 7-лер шамасында Алматы облысы Қосөзен ауылының қасына құлаған.
Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, ұшақ Алматы - Шымкент бағытында санитарлық рейс жасамақ болған. «East Wing» әуекомпаниясына тиесілі АН-28 ұшағы 1990 жылы Польшада жасалған. Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника келіп жұмыс істеді. Бірақ, олар ұшақта болған азаматтарды құтқара алмады.
Қазір апаттың салдарынан мерт болған азаматтардың толық аты-жөндері анықталды.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ