Бұл туралы Мәжілісте айтылды. Төменгі палатада «Жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілетін өзгерістер сөз болды. Жаңадан ашылып жатқан кеніштер жоқ, барлауға бөлінетін қаржы көңіл көншітпейді екен.
Ескі заңнама бойынша барлау құқығына ие болу үшін конкурсқа қатысып, келісімшарт жасасуға 18 ай уақыт қажет болса, жаңа заңнама бойынша лицензия алу 15 күннің ішінде шешіледі. Геологиялық зерттеуге жеке кәсіпорындар да қосылады.
Жер қойнауы пайдаланушының жеке меншігінде болады. Кейін қайта барлау жүргізетінін немесе сататынын өзі шешеді.
Индира БЕГАЙДАР