Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбеге барды. Елбасы облыста атқарылып жатқан шаруалармен танысып, ақтөбелік тұрғындармен емен-жарқын сөйлесті.
Жалпы, Ақтөбе ел экономикасында ерекше орны бар облыс. Республикалық бюджеттің бойына қан жүгіртіп отырған төрт донор өлкенің бірі. Индустриялдық-инновациялық бағдарлама аясында аймақта соңғы бір жылда 8 өндіріс орны ашылған. Ол жерден 400-ден астам ақтөбелік жұмыс тапты. Толығырақ осы өңірден Дулат Жексенбайұлы әңгімелейді.
Дулат ЖЕКСЕНБАЙҰЛЫ