Алдағы 5 жылда елімізде 41 апатты су қоймасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы 5 жылда елімізде 41 апатты су қоймасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі

06.10.2017

Бұл туралы бүгін Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев мәлімдеді. Сондай-ақ, 7 облыста орналасқан көлемі 1,9 млрд. текше метр суды қосымша шоғырландырумен 22 жаңа су қоймасын салу жоспарланған. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 610 мың гектарды тұрақты суармалау үшін ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру көзделген. Яғни, суармалы жерлер алаңын 40 пайызға кеңейту жоспарланып отыр. Жалпы, елімізде 276 су қоймасы болса, оның 76-сы мемлекеттің еншісінде. Қалғаны коммуналдық меншікте. Жекенің қарауындағылары өте аз. Дегенмен, апат жағдайлары тап сол жекенің меншігіндегі су қоймаларында тіркеледі.

 

Азамат НҰҒЫМАНОВ

Хабарламаларға жазылу