Жезқазған өңіріндегі апатты ауыл тұрғындары көшірілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған өңіріндегі апатты ауыл тұрғындары көшірілуде

06.10.2017

Жезқазған өңіріндегі бес елді мекеннің 6 мыңға жуық тұрғынын Сәтбаев қаласына көшіру жұмыстары жалғасып жатыр. Ауыл халқы 2018 жылдың аяғына дейін толығымен Сәтбаев қаласына қоныстануы тиіс. Себебі, ол елді мекендердің барлығы апатты жағдайда тұр. Асты шахта болғандықтан жер астына түсіп кету қаупі бар. Қазір құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Бірақ, тұрғындарды жаппай қоныстандыру қиынға соғып отыр. Тілшіміз Руслан Нұрланұлы сол өңірден.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу