Тәртіп сақшылары 25 жастағы қала тұрғынының ізіне түсіп, ақыры оның пәтерінен GSM-шлюз құрылғысы, әр түрлі модельдегі ұялы телефондар мен модем, роутерлер, сондай-ақ, 4800 СИМ карта тапты. Бұдан өзге күдіктінің баспанасынан ақша аударымдарын растайтын түбіртектер, антена, ноутбуктер мен микросхемалар да тәркіленді. Тергеу шаралары басталды. Ұялы байланыс операторы қолды болған трафик көлемін және келтірілген шығын көлемін есептеп жатыр.